Алаяқтық жолмен ауыл тұрғындарын 90 млн теңгеге шығындаған қылмыскер ұсталды
Ол алаяқтықтың 47 эпизодын жасаған
2024 жылғы 18 қыркүйекте Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен Целиноград ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтықтың 47 эпизодын жасап, іздеуде жүрген «А» азаматын ұстады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап күдікті Астана қаласында мен Ақмол ауылында тұрғындарын алдау және сенімін теріс пайдалану жолымен олардың 90 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденген.