Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Алдағы үш тәулікте ел аумағының басым бөлігі циклондық қызметтің ықпалында қалады.
Осыған байланысты елдің көптеген өңірлерінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі. Кейбір күндері жауын-шашынның қарқынды түрлері — жаңбыр мен қар жаууы мүмкін, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сонымен қатар көктайғақ, тұман, бұрқасын және екпінді жел сияқты қолайсыз метеорологиялық құбылыстар болжанып отыр.
Синоптиктердің мәліметінше, оңтүстік-батыс бағыттан жылы ауа массаларының келуі салдарынан ауа температурасы біршама көтеріледі. Күндізгі уақытта солтүстік өңірлерде ауа температурасы 0–7°С аяз шамасында болады.
Батыс, солтүстік-батыс және орталық аймақтарда термометр бағаны 5°С аяздан 2°С жылуға дейін ауытқиды. Ал оңтүстікте ауа температурасы 8–17°С жылуға дейін көтерілсе, оңтүстік-шығыс өңірлерде 5–15°С жылу күтіледі.
Алайда 4 ақпаннан бастап елдің батыс аймақтарында ауа райы күрт өзгереді.
Бұл өңірлерде скандинавиялық антициклонның ықпалы байқалып, соның әсерінен түнгі ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Синоптиктер батыс өңірлерде түнде 20–28°С аяз болуы мүмкін екенін ескертеді.