Алдағы күндері үсік жүріп, жауын-шашын болады
- авторБақытжан Бекболат
- 10 қыркүйек, 2025
- 3.5k
Қазақстанның басым бөлігінде алдағы күндері үсік жүріп, салқын әрі жаңбырлы күндер орнайды. Бұған солтүстік циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жауын-шашын мен дауыл:
11 қыркүйекте – елдің солтүстігінде,
11–12 қыркүйекте – шығыста,
11–13 қыркүйекте – орталықта қатты жаңбыр жауады.
Солтүстік пен шығыста бұршақ пен дауылды жел соғуы ықтимал.
Аптаның соңына қарай оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлер Жоңғар циклонының ықпалында болады. Мұнда да жаңбыр жауады, алайда ауа температурасы қысқа мерзімге жоғарылауы мүмкін.
Қосымша құбылыстар:
Республика бойынша жел күшейеді.
Солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста және орталықта түнгі әрі таңғы уақытта тұман түседі.
Оңтүстікте шаңды дауыл болжанған.
Ауа температурасы өңірлер бойынша:
Батыс: түнде +5…+16°С, күндіз +15…+25°С.
Солтүстік-батыс: түнде +1…+11°С, топырақ бетінде -2°С үсік, күндіз +8…+20°С.
Солтүстік: түнде +1…+7°С, топырақ бетінде -2°С үсік, күндіз +8…+16°С.
Орталық: түнде +1…+10°С, жердің бетінде -2°С үсік, күндіз +10…+20°С.
Шығыс: түнде +1…+11°С, күндіз +15…+23°С.
Оңтүстік: түнде +12…+20°С, күндіз +23…+35°С.
Оңтүстік-шығыс: түнде +12…+17°С, таулы аудандарда +2…+7°С, күндіз +24…+32°С. Таулы аймақтарда түнде 0…+5°С, күндіз +8…+15°С.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, көптеген өңірлерде түнгі үсік қаупі сақталады. Сондықтан мамандар ауыл шаруашылығымен айналысатын тұрғындарға ауа райының қолайсыз жағдайына дайын болуды ескертеді.





