сәрсенбі, 11 ақпан, 2026 15:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ALEM TECH FEST 2026 фестивалінде әлемнің 7 елінен 5000 астам оқушы бас қосады

ALEM TECH FEST 2026 фестивалінде әлемнің 7 елінен 5000 астам оқушы бас қосады
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

2026 жылғы 11-13 ақпан аралығында Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында ALEM TECH FEST 2026 фестивалі өтеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл — Қазақстан мен Орталық Азиядағы робототехника, жасанды интеллект, STEM және инженерлік шығармашылық бағытындағы ең ірі іс-шара. 15 000 шаршы метр аумақта Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Эстония, Гонконг және Вьетнамнан келген шамамен 5000-нан астам қатысушы өз жобаларын ұсынады.

Фестиваль аясында FIRST бағдарламасы бойынша өтетін Central Asia FIRST Championship халықаралық чемпионатында қатысушылар инженерлік жобаларын ұсынады. Одан бөлек, Alem Drone League дрон жарыстары, гуманоид роботтар, RoboCup, Battle of Bots және Hour of AI сияқты бағыттар бар.

Чемпионат нәтижесінде 50 үздік команда анықталып, оның 14-і АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін FIRST Championship әлемдік финалына жолдама алады. Қалған командалар Канада, Мексика, Нидерланды, Түркия, БАӘ, Қытай, Грекия және Оңтүстік Кореядағы халықаралық жарыстарға қатысады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар