Елімізде

Алматы базарындағы өрт толығымен сөнді

The final spritzer

Таңғы сағат 10.30 шамасында басталған қызыл жалын түскі сағат 15.00 шамасында ауыздықталды

Алматының «барахолка» базарындағы қоймалардың бірінен шыққан өрт толығымен сөнді, деп хабарлайды jambylinfo.kz төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 17 ақпан сағат 10:40-та Алматы қаласы Көкмайса-27 шағын ауданындағы қоймалардың бірінен өрт шығып, оқиға орнына 70 өрт сөндіруші аттанған болатын.

Сағат 11-31-де жанып жатқан қоймадан 1 газ баллоны (көлемі 25 л) шығарылған. Өрт сөндірушілер қойма ішіндегі өзге де қауіпті заттардың кесірінен (газ баллондары, аэрозольді газ баллондары, лак-бояу бұйымдары) өртті тез ауыздықтай алмаған еді.