Елімізде

Алматы халқы үйлеріне орала берсе болады – ТЖД

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар үйлеріне оралса болады деген қорытындыға келді

Сейсмологиялық байқаулар ұлттық ғылыми орталығының  сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссиясы Алматы халқының үйіне баруына болады деген қорытынды шығарды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Айта кетейік, бүгін таңертең Алматы қаласында 6,1 балдық жер сілкінісі тіркелді. Қатты дүмпуді сезген қала тұрғындары далаға шығып, қауіпсіз жер іздеген. Бұған дейін бас сейсмолог Дәулет Сәрсенбаев қала халқына сағат 16.00-ге дейін үйге бармаңыздар деген үндеу жариялаған еді.