Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы 98%-ға толды. Қазіргі таңда су қоймасында 18,04 млрд текше метр су жиналған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Су қоймасының толуы Ақдала және Шеңгелді ауылдық округтеріндегі егіс алқаптарын суармалы сумен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қапшағай су қоймасы Балқаш көліне құятын трансшекаралық Іле өзенінің ағынын реттейді. Вегетацияаралық кезеңде су қоймасынан Балқашқа шамамен 4 млрд текше метр су жіберілген.
«Біз трансшекаралық өзендер, соның ішінде Іле өзені мәселесі бойынша қытайлық әріптестермен тұрақты байланыс орнатқанбыз. Екі елдің үйлесімді іс-қимылының арқасында Алматы облысының шаруалары қатарынан үшінші жыл суармалы сумен тұрақты қамтамасыз етіліп отыр», – деді СРИМ Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов.





