Алматыда ақылы терминалда болған жол апатынан жүргізуші қайтыс болды
Осы факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады
Алматы облысында жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Chevrolet Cobalt жүргізушісі Алматы-Өскемен автожолының 25-шақырымында келе жатып, рульді басқара алмай, бетон қоршауға соғылған.
Содан кейін инерция бойынша алдында тұрған Hyundai Sonata автокөлігімен соқтығысқан.