Алматыда қар астында қалып кеткен турист қаза тапты
Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқару қызметінің психологтары жұмыс істеп жатыр.
Алматы қаласындағы Титов асуында (теңіз деңгейінен 3400 метр биіктікте) екі турист қар көшкіні астында қалып қойды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оқиға орнына Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті-нің 23-әмбебап құтқару бөлімшесі, «Барыс» қызметінің мамандары, кинологиялық жасақ пен еріктілер жедел аттанды.
Іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде ұшқышсыз ұшу аппараты пайдаланылды.