Елімізде

Алматыда аттракционнан құлаған әйел жедел жәрдем келгенше қаза тапты

Қайғылы жағдай Горький саябағында болған

Алматыда ойын-сауық орнында әйел адам қаза тапты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

kriminal_kazakhstan телеграмм-арнасы жазғандай, Алматыда бүгін сағат 16:00 шамасында әйел адам айналмалы дөңгелектен құлап, мерт болды. Бейнежазбаны жолдаған оқырмаған сұмдық жағдайды баяндаған. Белгілісі, әйел адам жедел жәрдем келгенше қайтыс болған.

Қайғылы жағдайға құзырлы орган пікір білдірді. Полиция департаменті аталған жайды «өз-өзіне қол жұмсау» деп түсіндірді.