Алматыда қатты жер сілкінді
Қала тұрғындары жер дүмпуінің күші шамамен 5 балдай болды дейді
Бүгін, 4 наурыз күні таңғы сағат 11,22-де Алматыда жер сілкінісі болды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Жер дүмпуінің эпиорталығы қаладан небаоы 31 шақырымда, Қазақстан аумағында тіркелген. ҚР ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станцияларының желісіндегі ақпарат өңделіп жатыр.
Тұрғындан бұл жолғы жер сілкінісі қатты сезілгенін айтады. Қазір ресми ақпарат толықтырылып жатыр.