Елімізде

Алматыда қатты жер сілкінді

Алматыда қатты жер сілкінді

Бүгін, 2024 жылы 22 қаңтардан 23 қаңтарға қараған түні Алматы қаласында 6,7 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды jambylinfo.

Жер сілкінісінің эпиорталығы Алматы қаласынан 264 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасында болған. Қазір қаланың төтенше жағдайлар департаменті қосымша ресми ақпарат әзірлеп жатыр. Ал, әлеуметтік желіде үйлерін тастап, сыртқа шыққан алматылықтардың бейнежазбалары таралып жатыр.