Алматыда бір жасқа дейінгі балалар арасында Covid-19 көбеюде
Алматыда бір жасқа дейінгі балалар арасында Covid-19 көбеюде
Алматыда бір жасқа дейінгі балалар арасында коронавирус жұқтырғандар саны көбеюде. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты. Қалықованың айтуынша, алдыңғы базалық штаммен салыстырғанда жаңа штамдардың жұқтыру көрсеткіші 70%-ға дейін жоғары. «Соңғы аптада балалар арасында індетті жұқтыру күрт өсті. Мысалы, 14 жасқа дейінгі науқас балалардың саны 7%-дан 11%-ға дейін ұлғайды. Сондай-ақ, бір жасқа дейінгі балалар арасында вирус жұқтыру өскенін байқап отырмыз. 1 наурызда 10 жағдай тіркелсе, қазір 55 жағдайға дейін жетіп отыр. Өзге жастағы адамдар арасында вирус жұқтыру бұрынғыдай қалыпта»,- дейді Әсел Қалықова.