Елімізде

Алматыда «Оңайсыз» жолаушыларға қиын болып қалды

Өйткені, жүйе істен шыққан

Алматылықтар қоғамдық көлікте жол ақысын төлей алмай жатыр. “Оңай” көлік компаниясы ақаудың себебін атады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Компанияның мәлімдеуінше, 9 тамыз күні сағат 23:00-ден бастап Алматы көлік холдингінің желісіне DDOS шабуылы жасалған.

Шабуыл салдарынан автобустардағы төлеу техникасы зақымданғаны айтылды. Кей жолаушыларда жол жүру ақысын көлік карталары, SMS немесе ONAY мобильді қосымшасы арқылы төлеу кезінде мәселелер туындаған.

Кейінірек Алматы көлік холдингі кемшіліктер жойылғанын мәлімдеді.