Елімізде

Алматыда түстен кейін оқушылар мен студенттер үшін сабақ болмайды

Алматыда жер сілкінісіне байланысты екінші ауысым оқушылары мен колледж, ЖОО студенттері үшін сабақ болмайды

Алматыда жер сілкінісінің қайталану қауіпі бар болғандықтан, екінші ауысымдағы оқушылар мен колледж және университет студенттері үшін сабақ болмайды. Бұл туралы қалалық білім басқармасы хабарлады. 

"Мектептер мен колледждер үшін 2-ауысымдағы сабақтар болмайды", - делінген хабарламада.  

Ал балабақшадағы балаларды ата-аналары қалауы бойынша алып кете алады.