Елімізде

Алматыда заңсыз вейп сатпақ болған адамнан 2 млн теңгенің мүлкі тәркіленді

Олар енді 50 тәулікке қамалуы мүмкін

Алматы облысының полицейлері құны 2 млн теңгелік вейптерді тәркіледі, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Polisia.kz жазуынша,  WhatsApp мессенджері арқылы вейптерді заңсыз сатқандарды облыстық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері анықтаған.

"Стоп-алаяқ” шарасын өткізу барысында Киберпол бөлімшесінің қызметкерлері WhatsApp мессенджеріндегі арнаны анықтады. Арна арқылы электрондық темекі сатылып отырған. Заңды бұзған адамға екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл немесе сол көлемдегі түзеу жұмыстары, яки елу тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу мөлшерінде ірі ақшалай айыппұл салынады.