Алматыда жүкті әйел 18-қабаттан секіріп қаза тапты
Оқиға туралы хабарлама әлеуметтік желіде тарап жатыр
Бүгін, 1 наурыз күні Алматы қаласындағы «Манхеттен» тұрғын үй кешінінде жас келіншек 18 қабаттан секіріп, мерт болды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Куәгерлер мен жазба жарияланған парақша авторлары қаза тапқан келіншек 22 жаста және аяғы ауыр екені жазады. Алматы қаласының полиция департаменті оқиғаны растады.
«Аталған дерек бойынша Алмалы аудандық ПБ-ның полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Оқиғаның мән-жайлары анықталады», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция Департаменті баспасөз қызметі.