Елімізде

Алматыда жақын арада күшті жер сілкінісі болмайды деген болжам 70 пайызға тең

Бұл туралы Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады

Сейсмикалық бақылау мен зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссиясы жақын арада Алматыда күшті жер селкінісі болмайды деген болжам 70 пайызға тең екенін мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Сейсмикалық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы бақылауын жалғастыра береді. Жоғарыда аталған комиссияның келесі отырысы осы жылдың 6 наурызында, яғни, алдағы сәрсенбі күні өтеді.