Елімізде

Қалың қазақ Мұрат Әуезовпен қоштасуда

Әйгілі мәдениеттанушымен қоштасуға бірнеше ондаған адам келді

Бүгін, 16 маусымда Алматыда белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезовті жерлеу рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz  Ulysmedia.kz-ке сілтеп.

Әуезовтің туыстары мен жақындары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрына жиналды. Мұнда қоғам қайраткерлері, Сенат депутаттары мен журналистер де бар.

Әйгілі мәдениеттанушымен қоштасуға бірнеше ондаған адам келді. Олардың арасынан Үкімет мүшелері әзірге көрінбеді.

Еске алу қонақасын бүгін сағат 13:00-де Құрманғазы көшесі, 44 мекен жайындағы «Қабылдаулар үйінде» өткізу жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, кеше 81 жасында қазақстандық қоғам қайраткері Мұрат Әуезов қайтыс болды. Ол ұлы жазушы және қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтің ұлы болған.