дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 3:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алып атыраптың хош иісін жусаннан жасаған оқушы

Алып атыраптың хош иісін жусаннан жасаған оқушы
Өнертапқыш оқушы. Фото - ҚР Оқу-ағарту министрлігі
Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы Кеңес ауылындағы мектеп оқушысы Альбина Айдарханова қазақ даласының хош иісі бар әтір ойлап тапты. Ол «Елім-ай» деп аталатын иіс суын ұстазының көмегімен жасаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

5-сынып оқушысының сөзінше, туған даланың табиғи хош иісін ойлап табуына Сұлтан Бейбарыстың аңызындағы  «Жусанда туған жердің иісі бар» деген тәмсілі ой салған.

 «Осындай сөзді естігеннен кейін, туған жердің иісі бар әтірді жасап шығарғым келді. Бұл иісті шығаруда мен ежелгі шығу тегімізді зерделедім» , - деді Альбина Айдарханова.

Туындыгер оқушы парфюмерия жасауда табиғи қоспалар пайдаланады. Соның ішіндегі ең бастысы, даланың боз жусаны. 

 «Біз үй жағдайында әтір жасау тәсілдерін зерттедік. Алған білімдерімізді практикада қолдану барысында жусанның сан түрін анықтадық. Егер әтірдің негізгі нотасы ретінде гүлдер қолданылса, біз оның орнына қарапайым жусанды таңдадық. Себебі оның тұнбасы тәбетті жақсартады, асқазан-ішек жолдарының қызметін нығайтады, жүйке жүйесін тыныштандырады, түрлі шаншу мен құрысуларды, ауырсынуды басады, тіпті тыныш ұйқыға септігін тигізеді», – дейді жоба жетекшісі, бастауыш сынып мұғалімі Жұпар Ахметова.

Айта кетейік, бұл хош иістің аты да ерекше. Әтірдің атауы еліміздің мәдениетіне деген сүйіспеншілікпен байланысты дейді өнертапқыш.  Бесінші сынып оқушысы бұл жұмысымен жақында өткен ғылыми жобалар байқауына қатысқан. Нәтижесінде «Химия, биология» секциясында жүлделі 3 орынды ие болды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар