Қамқорлық пен жемқорлық: Қазақстанда қос шенеунік ұсталды
Сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен қолға түскен екі тұлға қамауға алынды
Ірі көлемде жемқорлық жасады деген күдікке ілінген «Алматы Су» бас директорының орынбасары және Қызылорда облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы ұсталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мәліметінше, Алматы қаласы бойынша департамент ауыр жемқорлық қылмыс жасап жатқан жерінен «Алматы Су» бас директорының орынбасарын әшкерелеген. Ол жергілікті кәсіпкерден орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және жасалған мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша ақшалай қаражат төлегені үшін 345 млн теңге көлеміндегі бұрын келісілген сомадан 75 млн теңге алған.
Ал, Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысын жалпы қамқорлығы мен келісімшартты ұзартуға және жер қойнауын өндіру көлемін ұлғайту рұқсатына қол қойғаны үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деген күдік бойынша қолға түсті.