Елімізде

Қар аралас жаңбыр, екпінді жел: Қазақстанда күн күрт суытады

30 сәуір мен 4 мамыр аралығында өзендерде судың деңгейі көтерілуі мүмкін

1-2 мамыр күндері республика аймағында күн суытады. Бұл туралы «Қазгидромет» мекемесінің баспасөз хатшысы Алина Исмағұлова арнайы брифингте айтты,  деп хабарлайды jambylinfo kz. 

Алина Исмағұлованың айтуынша, 30 сәуірден яғни бүгіннен бастап үш күн қатарынан солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста және орталықта қатты жауын-шашын болады. 

Ал, Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын артынан сел жүруі мүмкін. Өзендерде судың деңгейі көтерілу қаупі бар. Күннің күрт суытуына батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер әсер етеді деп болжанып отыр.