Қар, боран, көктайғақ: Қазгидромет қазақстандықтарға ескерту жасады
Атлантикалық циклонның өтуіне байланысты алдағы күндері Қазақстанның көп өңірінде ауа райы тұрақсыз сипатқа ие болады.
Синоптиктердің болжамынша, ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түседі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде көктайғақ пен боран күтіледі.