Қар, боран және көктайғақ: Алдағы күндері ауа райы қандай болады
- авторБақытжан Бекболат
- 13 қараша, 2025
- 371
Атлант циклонының әсерінен алдағы күндері Қазақстанның көп бөлігінде тұрақсыз ауа райы орнайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Синоптиктердің хабарлауынша, республиканың басым аумағында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.
13 қараша күні шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа райы қолайсыз болады – мұнда қатты жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Сонымен қатар еліміздің көптеген аймақтарында тұман, көктайғақ және желдің күшеюі болжанып отыр. Ал шығыс, солтүстік және орталық облыстарда бұрқасын күтіледі.
Тек оңтүстік пен оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз, салыстырмалы түрде жылы ауа райы сақталады.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері ауа температурасы қысқа мерзімге төмендейді:
Солтүстік өңірлерде: түнде –5…–12°С, күндіз –0…–6°С;
Солтүстік-батыста: түнде –2…–10°С, күндіз –0…–5°С;
Орталықта: түнде –3…–13°С, күндіз –6…+3°С;
Шығыста: түнде –8…–20°С, күндіз –0…–10°С.
Қалған аймақтарда ауа температурасы айтарлықтай өзгеріссіз қалады.






