сейсенбі, 27 қаңтар, 2026 22:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қар, көктайғақ, тұман: он бес өңірде ауа райы туралы ескерту жарияланды

Қар, көктайғақ, тұман: он бес өңірде ауа райы туралы ескерту жарияланды
istockphoto.com
Ертең еліміздің бірнеше өңірінде қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін

«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес, 28 қаңтар күні Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ауа райының қолайсыз құбылыстары күтіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Маңғыстау облысы

28 қаңтарда Маңғыстау облысының батысында, орталығында жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Көктайғақ. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Ақтау қ.: 28 қаңтарда көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

28 қаңтарда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Орал қ.: 28 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда облысы

28 қаңтарда Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

Қызылорда қ: 28 қаңтарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысы

28 қаңтарда Түркістан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. 

Шымкент қ.: 28 қаңтарда жауын-шашын, таңертең және күндіз кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақыттарда жаяу бұрқасын, көктайғақ тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 

Түркістан қ.: 28 қаңтарда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысы

28 қаңтарда Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Ұлытау облысы

28 қаңтарда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Абай облысы

28 қаңтарда Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысы

28 қаңтарда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы

28 қаңтарда түнде Шығыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. 

Өскемен қ.: 28 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысы

28 қаңтарда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Жетісу облысы

28 қаңтарда Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, түнде Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысы

28 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысы

28 қаңтарда Жамбыл облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 

Тараз қ.: 28 қаңтарда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі жарияланады.

Ақмола облысы

28 қаңтарда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. 

Көкшетау қ.: 28 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар