дүйсенбі, 12 қаңтар, 2026 4:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қар, тұман, көктайғақ: Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады

Қар, тұман, көктайғақ: Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады
istockphoto.com
12 қаңтарда еліміздің көптеген аймақтарында қолайсыз ауа райы күтіледі.

«Қазгидромет» мәліметінше, бірқатар облыстарда тұман, көктайғақ, қар, бұрқасын және желдің күшеюі болжанып отыр. Кей өңірлерде жел екпіні 25–28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында тұман мен көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақмола облысында, соның ішінде Көкшетау қаласында түнде және таңертең қар, бұрқасын, жолдарда көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы кей жерлерде 25 м/с-қа дейін жетеді.

Астанада да қар, бұрқасын және көктайғақ күтіліп, батыстан соққан жел екпіні 15–20 м/с болады.

Қарағанды және Ұлытау облыстарында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 20–23 м/с-қа дейін күшейеді. Қарағанды мен Жезқазған қалаларында жол қозғалысына қиындық туындауы мүмкін.

Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Абай облыстарында қар, бұрқасын, көктайғақ байқалады. Жел екпіні 15–20 м/с, кей өңірлерде 28 м/с-қа дейін жетеді.

Алматы, Жетісу және Жамбыл облыстарында 12–14 қаңтар аралығында тұман күтіледі. Таулы аймақтарда жел күшейіп, көктайғақ болуы ықтимал. Алматы, Қонаев және Тараз қалаларында түнгі және таңғы уақытта көріну қашықтығы төмендейді.

Түркістан және Маңғыстау облыстарында жел айтарлықтай күшейеді. Түркістан облысының таулы аудандарында жел екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетсе, Маңғыстау облысының батысында желдің екпіні 25 м/с болуы мүмкін. Ақтау, Шымкент және Түркістан қалаларында тұрғындарға сақтық шараларын сақтау ұсынылады.

Қызылорда облысында түнгі уақытта көктайғақ, күндіз тұман күтіледі.

Мамандар ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жолға шыққанда абай болуға, алыс сапарларды шектеуге және төтенше жағдайлар қызметінің ескертулерін қатаң сақтауға кеңес береді.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар