бейсенбі, 5 ақпан, 2026 13:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қар жауып, боран соғады: Алдағы күндері ауа райы қандай болады

Қар жауып, боран соғады: Алдағы күндері ауа райы қандай болады
istockphoto.com
Алдағы кезеңде Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз сипат алады.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, елдің басым бөлігінде циклондардың ықпалы сезіліп, жауын-шашын мен температуралық ауытқулар күтіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Әсіресе кезеңнің алғашқы жартысында қолайсыз метеорологиялық құбылыстардың орын алу ықтималдығы жоғары.

"Кезеңнің бірінші жартысында Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынды ауа райы күтіледі. 5–6 ақпанда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ пен тұман құбылыстары, боранмен қатар екпінді жел болжанады. Сондай-ақ оңтүстік-батыс ауа массаларының келуі күндіз ауа температурасының солтүстікте, шығыста және орталықта 3° аяздан 2° жылуға дейін, оңтүстікте 8–17° жылуға дейін, оңтүстік-шығыста 5–15° жылуға дейін көтерілуіне әкеледі.

Тек кезеңнің соңында солтүстік-батыстан суық ауа массаларының енуіне байланысты жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі", – делінген хабарламада.  

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар