Елімізде

Қарағандыда бұрынғы күйеуі балаларының көзінше 52 жастағы әйелді пышақтап өлтірген

Бұл туралы құқық қорғаушы Серік Беркамалов әлеуметтік желіде жазды

25 сәуір күні Қарағанды қаласында бұрынғы күйеуі 52 жастағы Гүлмира Таймасованы екі баласының көзінше пышақтап өлтірген, деп хабарлайды jambylinfo.kz құқық қорғаушы Серік Беркамаловқа сілтеме жасай отырып.

Оның айтуынша, анасыз қалған балалардың үлкені қыз бала, жасы 16-да, оның бауыры он төрт жаста. Қылмыс болған күні ұлы полицияға телефон шалып, анасын қорғап қалмақ болған. Оқиға орнына келген полиция арызды қабылдап, үйде ұрыс-жанжал болып жатқанын көре отырып, әрекет етпеген. Яғни, адвокаттың жазуынша, екі бала мен әйелді мас күйдегі абьюзердің жанына тастап кеткен.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қазір күдікті қолға түсіп, қамауға алынған. Қылмыстық іс қозғалған.