Елімізде
"Арам ойын жүзеге асырады": Әлеуметтік желіге қандай сурет салуға болмайды
- авторjambylinfo.kz
- 9 қазан, 2020
- 347
"Арам ойын жүзеге асырады": Әлеуметтік желіге қандай сурет салуға болмайды
Алаяқтар әлеуметтік желідегі суреттің арқасында арам ойын жүзеге асыруы мүмкін. Сондықтан үй немесе кеңсе терезесінен түсірілген фотоны әлеуметтік желіге жүктеуге болмайды.
"Кейбір әлеуметтік желі сурет туралы мәліметті жоймайды. Телефон иесі орналасқан жері жайлы мәліметті өшірмей, сурет түсірсе, фотоның қайда жасалғаны туралы мәлімет сақталып қалады. Қандай телефонға түсірілгеніне қарамастан, әр суреттің EXIF ақпараты болады.
Егер қолданушы геомәліметті сөндірмей, әлеуметтік желіде жеке жазбада сурет жіберген болса да, фотоның қайда түсірілгені оңай анықталады (мысалы, мекенжай, көше). Бұл алаяқтардың адамды аңди бастауы үшін жеткілікті мағлұмат. "Сондай-ақ, желі қолданушылары демалысқа баратынын жариялап, мақтанады. Билеттің фотосын бөліседі, жаңа төлқұжаты мен банк картасын көрсететіндер де жоқ емес. Кейбір адамдар бұл ақпаратты пайдаланып, арам ойын жүзеге асыруы әбден мүмкін", - деді сарапшы.
nur.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала