Елімізде
Қарашаның соңына дейін үш қазақстандық футбол клубы жеке меншікке өтеді
- авторБақытжан Бекболат
- 5 қараша, 2025
- 203
15 қарашаға дейін тағы екі команда — «Қызыл-Жар» мен «Жеңіс» жаңа инвесторлардың иелігіне өтпек.
Футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лорияның мәліметінше, қазірдің өзінде «Қайсар» клубы жекешелендіріліп, TAU Group LTD компаниясының қарамағына берілген. Инвесторлар команданы дамыту мен футбол академиясын салуға 12 млрд теңге қаржы құюды жоспарлап отыр.
15 қарашаға дейін тағы екі команда — «Қызыл-Жар» мен «Жеңіс» жаңа инвесторлардың иелігіне өтпек. «Жеңіс» клубына арналған футбол академиясының құрылысына арнайы жер телімі бөлініп, жобаның жалпы инвестиция көлемі 16 млрд теңгені құрайды.
Сондай-ақ айдың соңына дейін Қарағандының «Шахтер» клубын да жекешелендіру көзделіп отыр.
Келесі мақала






