«Қараусыз қалған»:Семейде төтеншеліктер суға батқан жеткіншекті құтқарып қалды
7 жасар балаға медициналық көмек қажет болмаған
Бүгін Семейлік төтенше жағдайлар қызметкерлері Ертіс өзеніне батып бара жатқан баланы құтқарды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі бүгін Семей қаласында ҚР ТЖМ әскери бөлімінің әскери қызметшілері Көкабаев Талғат пен Мират Бекетов Ертіс өзенінің жағалауын патрульдеу кезінде «Заря» жағажайының аумағында 2017 жылғы баланы құтқарғанын мәлімдеді.
Деректерге сүйенсек, бала ересектердің қарауынсыз қалып, алыс қашықтыққа жүзіп, суға бата бастаған.