Асел Жанасова Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Асел Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Мемлекет басшысының өкімімен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", – делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін Асел Жанасова "Қазпошта" АҚ басқарма төрайымы қызметін атқарған. Ол бұл лауазымға 2022 жылдың қазан айында тағайындалған еді.