Елімізде

Астанада ақша жымқырған сот сараптамалары орталығының қызметкерлері қамауға алынды

Кінәлілердің қымбат көліктері мен жылжымайтын мүлкіне тыйым салынды

ҚМА Астана бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Сот сараптамалары орталығының лауазымды тұлғалары мен мердігер ұйым басшысына қатысты 2 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін тіркеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

2023–2025 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар аясында сот-сараптама органдарын материалдық-техникалық жабдықтау мақсатында республикалық бюджеттен 10,3 миллиард теңге бөлінген.

Бұдан бөлек, мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланбай тұрып, техникалық сипаттамаларда тек өздері танитын компаниялар ғана ұсына алатын жабдықтар көрсетілген.