Елімізде

Астанада осы оқу жылында рекордтық көрсеткішпен жаңа мектептер салынды

The final spritzer

Оның сөзінше, осы оқу жылында қалада 24 жаңа мектеп бой көтерген

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында биыл елордада қанша мектеп ашылатынын айтты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Соның ішінде 16 мектеп "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында салынған. Бұл оқу орындары 66 мың оқушыға арналған орынмен қамтамасыз етті.

Сондай-ақ, оқу жылының соңына дейін тағы 15 мектептің ашылуы жоспарланып отыр. Оның жетеуі — "Жайлы мектептер" санатына жатады.