Елімізде
Астанада ҚТҚ өңдеу зауытының құрылысы 2026 жылы басталады
- авторМағжан Орынбасар
- 25 қараша, 2025
- 226
Жоба қалдықты кәдеге жарату бойынша жоғары технологиялық кешен құруды көздейді
Мемлекет басшысының елордада қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауытын салу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде Астана әкімдігі қытайлық Shenzhen Energy Environment компаниясымен инвестициялық келісімге қол қойды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жоба қалдықты кәдеге жарату бойынша жоғары технологиялық кешен құруды көздейді. Бұл туралы Үкімет отырысында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек хабарлады.
«Жаңа зауыт тәулігіне 1,5 мың тонна қалдықтарды кәдеге жаратуға және 50 МВт электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. Құрылыс-монтаж жұмыстары келесі жылдың бірінші тоқсанында басталады, жобаны жүзеге асыру мерзімі – 36 ай»,— деді әкім.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
«Заң мен тәртіп»: Олжас Бектенов ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді
- авторМағжан Орынбасар
- 25 желтоқсан, 2025
Елімізде
Қысқы демалыста қайда баруға болады? Шығыс Қазақстан облысындағы ТОП-7 бағыт
- авторБақытжан Бекболат
- 25 желтоқсан, 2025





