Астанада ҚТҚ өңдеу зауытының құрылысы 2026 жылы басталады
Жоба қалдықты кәдеге жарату бойынша жоғары технологиялық кешен құруды көздейді
Мемлекет басшысының елордада қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауытын салу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде Астана әкімдігі қытайлық Shenzhen Energy Environment компаниясымен инвестициялық келісімге қол қойды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жоба қалдықты кәдеге жарату бойынша жоғары технологиялық кешен құруды көздейді. Бұл туралы Үкімет отырысында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек хабарлады.