Астанадағы бос тұрған ғимараттан 14 жастағы оқушының мәйіті табылды
Полиция ақпаратты растады
Астанадағы №5 мектеп-гимназия маңындағы қараусыз қалған ғимараттардың бірінен оқушының мәйіті табылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Әлеуметтік желіде Астанадағы қараусыз қалған ғимараттан 14 жастағы оқушының денесі табылғаны жөнінде ақпарат тарады. Марқұм - №16 орта мектептің оқушысы екені белгілі болды.
Астана полиция департаменті ақпаратты растады.