"Астананы су басу қаупі бар ма?". Олжас Бектенов пен Жеңіс Қасымбек Астана контрреттегішінің жағдайын тексерді
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек және Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановпен ағымдағы су тасқыны жағдайын тексерді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлағандай, сонымен қатар, Майбалық көлі мен Вячеслав су қоймасының жағдайын бақылады.
Дереккөзге сүйенсек, су қоймасының көлемі 409 млн текше метрді құрайды. Преображенский торабында шарықтау шегіне жетті, Нұра өзені арқылы торапқа құятын су ағыны азайып келеді: қазіргі уақытта секундына 1400 текше метр өтіп жатыр.
Жедел штаб Астана, Қосшы қалалары мен Тайтөбе ауылындағы су қоймаларынан су жіберу деректері бойынша жасалған болжамдарды ескере отырып, су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізеді.