Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінде жиын өткізді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінде жиын өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Президент сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтап, осыдан бес жыл бұрын, ел ішінде ауқымды өзгерістер қолға алынып жатқан тарихи кезеңде құрылған Қаржылық мониторинг агенттігі өзіне жүктелген жауапкершілік пен міндетті абыроймен орындап келе жатқанына назар аударды.