Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Бұл туралы Ақорда мәлім етті
Президенттер бірін-бірі барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан екі елдің достыққа, тату көршілікке негізделген қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің перспективасы қарастырылды.
Тараптар алдағы кездесулердің кестесін талқылады.