жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қасым-Жомарт Тоқаев Күләш Ахметованың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Күләш Ахметованың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: Алтынбек Қартабай
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Күләш Ахметованың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

– Күләш Ахметова бар ғибратты ғұмырын сәулелі сөз өнеріне арнаған, ұлттық әдебиетіміздің көкжиегін кеңейтуге мол үлес қосқан халқымыздың аяулы ақыны еді. Нәзік қаламынан туған сыршыл өлеңдері, елдікті дәріптеген жалынды жырлары оқырман тарапынан аса жоғары бағаға ие болды. Өнегелі өмір сүріп, соңына әдеби бай мұра қалдырған Күләш Ахметованың есімі мен жарқын бейнесі ұмытылмайды, – делінген жеделхатта.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар