Елімізде

Қасым-Жомарт Тоқаев «Әл-Фараби» орденін тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды

Марапат ғылым мен мәдениет қайраткерлеріне арналған

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әл-Фараби» орденін тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мемлекет басшысының 2026 жылғы 20 сәуірдегі шешімімен бекітілген бұл награда ұлттық зиялы қауым өкілдері мен ғылым жолындағы азаматтардың еңбегін ұлықтауды көздейді. 

Құжатқа сәйкес, Үкіметке «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» заңға тиісті толықтырулар енгізу тапсырылды.

Жаңа орденнің сыртқы келбеті мен дизайнын әзірлеу Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне жүктелген.