Елімізде

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

The final spritzer

Президент көрші ел үшін бұл маңызды күн екенін атап өтті

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

Мемлекет басшысы өзінің құттықтау жеделхатында егеменді Қырғыз Республикасының тарихындағы бұл айтулы күн елдің мемлекеттілігін одан әрі нығайтуға және өсіп-өркендеуіне берік негіз қалағанын атап өтті. Сондай-ақ Президент стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухына толық сай келетін қазақ-қырғыз ынтымақтастығының дамуына жоғары баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас қырғыз халқына бақ-береке тіледі.