Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында әлем қазір көміртегі бейтараптығына бет бұрып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Министр осыған байланысты халықаралық қаржы институттары көмір электр стансаларының құрылысына инвестиция салудан бас тартады.
«Еліміздегі газ ресурстарының шектеулі болуына байланысты газ генерациясын ауқымды енгізуді жүзеге асыру мүмкін емес. Өз кезегінде, жаңартылатын энергия көздері табиғи-климаттық жағдайларға тәуелділігіне байланысты электр энергиясын өндірудің сенімді базалық көзі бола алмайды. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, атом электр стансасын салу – шығатын қуаттарды ауыстыру және Қазақстанның энергияға тәуелділігін қамтамасыз ету үшін жалғыз дұрыс шешім. Қазіргі кезеңде атом электр станциясына балама жоқ», — деді Алмасадам Сәтқалиев.
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024