Елімізде

Атырау облысында қар құрсауында қалған 10 мұнайшы құтқарылды

Бұл туралы ТЖМ мәлімдеді

Қызылқоға ауданында Сағыз ауылынан 20 шақырым жерде Урал автокөлігіне мінген мұнай компаниясының жұмысшылары қар құрсауында қалып қойған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

- Көмекке ТЖМ қызметкерлері «Трэкол» жол талғамайтын көлігімен шықты. Қар басқан жолмен бірнеше шақырым жол жүріп, құтқарушылар Сағыз ауылына 10 адамды эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ,- делінген хабарламада.