Атыраулық әйелге діни сурет желіге жүктегені үшін айыппұл салынды
Бұл туралы облыстық сот мәлімдеді
Атырау тұрғынына 129 мың теңге айыппұл салынды. Бұған әлеуметтік желіде жариялаған діни мазмұндағы суреті себеп болған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz Атырау облыстық сотына сілтеме жасап.
Атыраудың Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі соты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу" бойынша істі қарады.
Атырау тұрғыны "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында діни мазмұндағы суретті көпшілікке жариялап, осы бапты бұзған.
Әйелге 129 мың 220 теңге айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.