Елімізде

Ауа райының қолайсыздығына байланысты екі облыстағы республикалық тас жолдар жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты екі облыстағы республикалық тас жолдар жабылды

Ауа райының нашарлауына (қар, боран, шектеулі көрініс), сондай-ақ жолды тазарту бойынша жұмыстарды жүргізуге байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Жамбылинфо Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Жамбыл облысында - 1 учаске

  • "Алматы-Ташкент-Термез" а/ж 159-238 км, Кенен уч. с. – Қайнар ауылы (Жаңа Қордай асуы) -79 км;

Жетісу облысында - 2 учаске

  • "Үшарал-Достық" а/ж 84-184 км, Көктұма ст. -Достық ст. – 100 км.;
  • "Сарыөзек-Көктал" а/ж 45-68 км, (Алтын Емел асуы). Шектеу барлық көлік түрлеріне қолданылады.

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарда 674 техника жұмылдырылды.