Қауесет пе, қауіп пе? Қазақстандағы "аптап ыстық" жайлы шындық

Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде Қазақстанда биыл бұрын-соңды болмаған аптап ыстық болады деген бейнеролик тарап жатыр.
Онда бұл жағдай 60 жылда бір рет қайталанады деп көрсетіліп, Еуропа ғалымдары тұрғындарды 40–50 градусқа дейін жететін ыстыққа дайын болуға шақырғаны айтылады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Сонымен қатар, бұл жағдай Қазақстан, Ресей, Украина және Беларусь елдеріне де қатысты деген болжам айтқан.
Қазақстанда жазда аномальды ыстық болады деген қауесет жыл сайын пайда болады. Мұндай хабарлар 2023 және 2024 жылдары да тарап, кейін жалған екені анықталған.
Биылғы таралған видеоға қатысты «Қазгидромет» ресми түсінік берді.