Елімізде

«Ауруханада жан тапсырды». Абай облысында имам 11 жасар қызды қағып кеткен

Бұл жайды облыстың бас имамы растады

Ауыл мешітінің имамы Абай облысының Үржар кентінде оқушыны автокөлікпен қағып кетті. Қыз ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Orda.kz ақпарат агенттігінің жазуынша, Абай облысының ПД баспасөз қызметі қайғылы оқиға 14 қазан күні сағат 11:40 шамасында болғанын растаған. 44 жастағы имам Үржар ауылындағы Гагарин көшесінде Toyota RAV4 көлігімен келе жатқанда жолды кесіпөтпек болған 11 жасар қызды қағып кеткен. Зардап шеккен оқушы Үржар ауданының орталық ауруханасына жеткізілді, бірақ дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Аймақ полициясы сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Оқиғаның егжей-тегжейлі мәліметі тергеу мүддесі үшін жария етілмеді.

Алайда Абай облысының бас имамы Асқар Мұқанов  көлікті ауыл мешітінің имамы жүргізгенін растады.

Оның айтуынша, имам Үржар ауылдық мешітінде он жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді.