Ауыл шаруашылығы министрлігі мал экспортына салынған тыйымды ұзартты
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді
Қазақстанда ірі қара мен ұсақ малды шетелге шығаруға қойылған шектеу тағы алты айға созылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ведомствоның мәліметінше, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отандық қайта өңдеу кәсіпорындарының жұмысын тұрақтандыру мақсатында осындай шешім қабылданған.
Сонымен қатар, үшінші елдер мен Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) бұқашықтар мен тоқтыларды экспорттауға сандық шектеулер қойылды. Бұл норма да алты ай бойы қолданыста болады.
Тиісті бұйрықтар 5 қарашадан бастап күшіне енді.